Жаңалықтар

2023-2025 жылдары ғылым саласына 650 млрд теңге жұмсалады

Фото: Baq.kz

Үкімет ғылым саласына қатысты жеті жылдық тұжырымдаманы қабылдады. Бұл қомақты қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Мұндай пікірді «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» халықаралық форумында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

«2023-2025 жылдарына 650 млрд теңгенің төңірегінде тікелей ғылыми зерттеу жұмыстары мен ізденіске жұмсалады. Яғни, қаржыландыру 3,5 есе көбейді», – деді Саясат Нұрбек.

2020-2023 жылдары 30 үлкен конкурс жарияланып, 1 307 ғылыми-зерттеу гранты берілді. Сол бағыттардың ішінде 6 арнайы ғылыми-зерттеу бағдарламасы биоқауіпсіздік және биоізденіс саласында болған.

«49 бағдарлама жүзеге асырылды. «QazBioPharm» Ұлттық холдингі құрамына кіріп жатқан компаниялар, ғалымдар осы жұмыстарға кірісті», – деді министр.

Сондай-ақ министрлікте 10 басым бағыт бар. 18 мамырда Үкімет жанындағы Ғылым және жоғары технологиялық комиссия шешімімен Биоқауіпсіздік арнайы бөлек бағыт ретінде бекітілетін болды.

«Қаржыландыру жағынан еш алаңдау болмасын. 2023-2025 жылдарға ұсыныстар толыққанды қабылданды», – деді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін «QazBioPharm» Ұлттық холдинг» АҚ бас директоры Ерғали Әбдірайымово тандық QazVac вакцинасына жауапты кей маман 250 мың теңге жалақы алатынын айтқан болатын.