Ауылшаруашылық мақсатындағы 4,1 млн гектар жер банктерде кепілде тұр

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 4,1 млн гектар жер банктердің кепілінде тұр. Бұл жайлы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр депутаттар сауалына берген жауабында мәлімдеді.

«Екінші деңгейдегі банктердің мәліметтеріне сәйкес, бүгінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы шамамен 2 661 жер учаскесі, оның ішінде шартты жер үлестері есебінен қалыптастырылған, жалпы ауданы шамамен 4,1 млн гектар жер кепілде тұр. Жер учаскелерін қамтамасыз етуге арналған кредиттердің ағымдағы берешегі 1 213 млрд теңгені құрайды», деләнген Үкімет башсысының бірінші орынбасарының жауабында.

Жалпы жер учаскелері туралы мәлімет жер кадастрына енгізіледі. Алайда, азаматтарға тиесілі және кредиттер бойынша кепілге берілген шартты жер үлестері есебінен қалыптастырылған жер учаскелерінің саны туралы ақпарат жер кадастрына кірмеген. 2005 жылға дейін жер заңнамасының ережелеріне сәйкес жер учаскелерінің меншік иелеріне (жер пайдаланушылар) «шаруашылық жүргізуші субъектілердің қатысушылары» мәртебесіне өту мүмкіндігі берілген. Жер кодексіне сәйкес жер иелері өздеріне тиесілі құқықты 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін жүзеге асыруға міндетті болды.

«Бүгінгі күні шартты жер үлестеріне құқықтарды ұстаушылар жер учаскесіне құқықтарды негізінен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе шаруа қожалығын дербес (біріккен) жүргізу не өндірістік кооперативтерге жарна ретінде салу жолымен іске асырды. Осылайша қалыптастырылған жер учаскелерін Жер кодексінің 79-бабына сәйкес шаруашылық серіктестік кепілмен қамтамасыз ету ретінде банкке бере алады. Қатысушылар шаруашылық серіктестік құрамынан шыққан жағдайда оларға жер учаскелерінің үлестерін қайтару тәртібі заңнамалық реттелген», – деді Скляр.

Сондай-ақ оқыңыз