Жаңалықтар

Бір жылда Ресейден кеткен компаниялар елден 36 млрд доллар шығарған

Фото: kursiv.media

Бір жыл ішінде Ресейден кеткен шетел компаниялары елден 36 млрд доллар шығарған. Бұл жайлы Корпоративтік Қаржы банкінің аналитикалық орталығының басшысы Максим Осадчий мәлімдеді.

Ресей банкінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың наурызынан 2023 жылдың наурызына дейін Ресейден кететін компаниялардың активтерін сату бойынша 200 мәміле жасалған. Алайда, олардың 20%-ы ғана құны 100 миллион доллардан асатын активтерді сатөан. Болашақта Ресейдің түзету комиссиясы резидент емес компнаиялардың Ресей нарығынан шығуына шектеу қоймақшы. Онла ай сайын елден шығатын қаражат мөлшерін шектеу көзделген.

«Активтер мөлшеріне қатысты Парето 80/20 ережесін орындау болжамында Ресейден шетелдік инвесторлар шығарған капиталдың мөлшерін 2022 жылдың наурызынан 2023 жылдың наурызына дейінгі кезеңде 36 миллиард доллар деңгейінде бағалауға болады», деген Максим Осадчий.

Көптеген шетелдік компаниялар 2022 жылдың ақпанынан бастап Ресейдегі қызметін тоқтатқан. Алайда бұл елдің Индустрия және сауда министрлігінің басшысы, вице-премьер Денис Мантуров Ресейден өз бизнесін алып кеткен шетелдік компаниялардың жартысы 10 жыл ішінде қайта оралуы мүмкін деп санайды.

Ал 4 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин Ресейден кеткен Батыс компаниялары өз мүдделері үшін күреспегенін атап өткен. Сонымен бірге, Ресейдің барлық күш-жігері мен ресурстарын Батыс елдері ұйымдастырған блокаданы жеңуге бағыттайтынын айтып, бұл жағдайды көптеген салаларды сәтті қайта құрудың жаңа мүмкіндігі ретінде бағалаған.