Шиего Катсу Назарбаев университетінің басшылығынан кетеді

Жарияланды (жаңартылды )

Фото: НУ баспасөз қызметі

Назарбаев Университетін 13 жылға жуық басқарған Шигео Катсу 15 маусымнан қызметінен кетеді. Бұл туралы НУ баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттік қызметінен кеткенімен Шигео Катсу Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қалады.

Назарбаев Университеті Шигео Катсудың орнына адам тапқанша провост Илесанми Адесида университет президенті міндетін атқаратын болады.

Доктор Адесида 2016 жылдың қазан айынан бері Назарбаев Университетінің провосты қызметін атқарады.

Бұған дейін депутат Мұрат Әбенов Назарбаев Университеті қызметін сынға алған еді. Депутат 15 жылда қыруар қаржы төксек те, нәтиже жоқ деген пікірде. Оның айтуынша, 2020 жылы ғылымға – 7 млрд 600 млн теңге, 2021 жылы – 7 млрд 21 млн теңге, 2022 жылы – 2 млрд 154 млн теңге бөлінген.

«Назарбаев университетіне қаржыны төктік. Лабораторияны соларға бердік. Статусын күшейттік. Оларды ешкім тексеріп қарамады. Ұлттық ғылым академиясының орнына жұмыс істейтін болды. Кей университет қаржыландырылмайтын болды. Бәрін Назарбаев университетіне бердік. Алайда нәтиже көріп отырған жоқпыз. Неше жыл болды? 15 жылда нәтиже көрінбейді», – деді Әбенов.

Сонымен қатар, Үкімет Назарбаев Университетіне Республикалық мүлікті беру туралы» Үкіметтің қаулысы ашық талқылауға шығарылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз