Қытаймен визасыз режим екі-үш айда күшіне енеді – СІМ

Жарияланды (жаңартылды )

Фото: kursiv.media

Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим екі – үш айдан соң күшіне енеді. Бұл жайлы Сырқы істер министрлігінің ресми өкілі  Айбек Смадияров айтты.

Қазақстандықтар шамамен екі-үш айдан кейін Қытайға визасыз ұша алады. Ол нақты қай құжаттың күшіне енетінін айтпады, бірақ екі тарап арасында құжат рәсімдеуге біраз уақыт кететінін атап өтті.

«Өздеріңіз білесіздер, Президенттің Қытайға мемлекеттік сапары барысында келісімге қол қойды. Енді тараптар мемлекеттік ішкі процедураларды реттеп алуы керек. Бұған шамамен бірнеше ай қажет болады. Содан кейін екі ел бірін-бірі ішік процедуралардың толық аяқталғаны жөнінде ескертеді. Содан кейін ғана келісім өз күшіне енеді. Бұл мемлекеттік органдардың жұмысына байланысты. Менің ойымша, жақын арада аяқталып қалар», деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, 17-19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапармен барды. Онда Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен визасыз режим туристердің көбеюіне жол ашатынын айтты.

Сонымен бірге Қазақстан үкіметі Қытаймен өзара келісімге келіп, соған сәйкес екі ел өз азаматтары туралы ақпарат алмасуға келісті.

Сондай-ақ оқыңыз