Шетелдік инвестицияның басым бөлігі шикізат секторына салынған – сенатор

Жарияланды
Шығарушы редактор

Фото: shutterstock.com

Бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында «Қазақстанның инвестициялық ахуалы және инвестициялық тартымдылығы» талқыланды. Сенатор Ольга Перепечинаның айтуынша, тартылған 28 млрд доллар инвестицияның басым бөлігі тек шикізат секторы мен соның инфрақұрылымына салынып жатыр. Депутаттың пікірінше, шетелдің инвесторларды тек шикізат секторы қызықтырып отырғандай.

«Салалық тұрғыда алсақ, инвестицияның басым бөлігі – 12,1 млрд доллар тау-кен өнеркәсібі саласына салынған. Ал өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі – бар-жоғы 5,6 млрд доллар. Бұдан шығатын қорытынды, шетелдік капиталды шикізат секторынан басқа ештеңе қызықтырмайтындай», деді депутат.


Статистика мәліметі бойынша, 2017-2022 жылдар аралығында 3,4 трлн. сомаға 351 инвестициялық келісімшарт жасалған. Соның ішінде 2,5 трлн теңгенің 238 келісім-шарты қазір жүзеге асырылып жатыр.

«Келісім-шарт көп болғанымен, экономика құрылымы әлі импортқа тәуелді болып тұр. Осылайша, Қазақстан ең маңызды құрылыс материалдары импортына 90 пайыз тәуелді. Сонымен қатар, бюджетке қомақты қаржы құйылып, агроөнеркәсіп кешеніне салық және кедендік преференциялар берілгеніне қарамастан, біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 56%-ын импорттаймыз», деді О. Перепечина.

Сонымен қатар депутар Арнайы экономикалық аймақтарға тартылатын инвестицияның басы бөлігі квазисектор салған қаржы екенін айтып өтті. Жеке инвестиция көлемі салған қаржының үштен бір бөлігін ғана құрайды.

ҰЭМ министрі Әлібек Қуантыров жасаған баяндамасы депутат сөзін растай түседі. Министрдің айтуынша, инвестициялардың салалық құрылымы өзгеріп, атап айтқанда, мұнай-газ саласына салынған инвестиция көлемі өскен.

«2020-2021 жылдары инвестиция 7 есе қысқарды. Ал 2022 жылы геосаяси жағдайларға байланысты, елдер осы бағыттағы инвестицияны арттыра бастады бастады. Осылайша, оларды іс жүзінде 2019 жылғы деңгейге дейін жеткізді. Күрделі сыртқы жағдайларға қарамастан, 2022 жылы Қазақстан экономикасының нақты өсімі 3,2% құрады», деді министр.

Қуантыров 2022 жылы елге тартылған инвестиция 18%-ға өсіп, 28 млрд. АҚШ долларына жеткенін айтып өтті.

«Бұл көрсеткіш 2012 жылдан бері рекордтық деңгейде. Негізгі капиталға салынған инвестициялар нақты мәнде 8%-ға өсті», деді министр.

Оның айтуынша, үкіметке инвестиция тарту бойынша өршіл міндеттер қойылған.

Өткен жылдың шілдесінде Қазақстанның 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Ол жаңа инвестициялық циклды қалыптастыруға және жаңа трендтерді, соның ішінде ESG стандарттарын ескере отырып, инвестициялар тарту саясатын қайта қарауға бағытталған. Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнама шеңберінде Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларының кең секторы жұмыс істейді. Инвестициялық преференциялар ретінде келісімшарттар мен арнайы инвестициялық келісімшарттар шеңберінде басым секторларда жұмыс істейтін компаниялар салықтар мен кедендік баждардан босатуды, заттай гранттарды алады.

Сондай-ақ оқыңыз