Тоқаев Одақтас мемлекеттерге қосылу туралы Лукашенконың ұсынысына баға берді

Жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенконың ұсынысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Жақында Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Мен оның әзіліне лайықты баға бердім. Менің ойымша оның ешбір қажеттілігі жоқ, өйткені өзге де интеграциялық бірлестіктер, басқасын айтпағанда Еуразиялық экономикалық одақ бар.
Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қару қажет емес. Себебі біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар аясындағы міндеттемелерге адал болып қала береміз», деді Президент.

Александр Лукашенко ядролық қаруға қатысты алаңдаған елдер болса, соның ішінде Қазақстан да Ресей мен Белорусь одағына қосылуына болады деп мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз