Балаларды абайлаңыз: TikTok-та құмар ойындарға тартатындар көбейіп барады

Жарияланды (жаңартылды )
ҚМА ескертеді: TikTokta құмар ойындарға тартушылар көбейді

Қаржы мониторингі агенттігі TikTok-та заңсыз құмар ойынға тартатындар көбейгенін ескертеді. Ақпаратқа сәйкес, бұл негізінен карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка.

«Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады. Желілік талдау нәтижесінде біз онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықтадық», делінген Агенттік хабарламасында.

ҚМА ұйымдастырушылар мен қатысушылардың әрекеттері заңсыз екенін ескертеді. Заңсыз ойын ұйымдастырғаны үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 307-бабында жауапкершілік қарастырылған.

«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан.Тергеу қорытындысы бойынша олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді», делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта сот «TikTok» желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралып жатыр. Сондықтан, Агенттік өкілдері азаматтарды заңға қайшы мұндай құмар ойындарға араласпауды сұрайды.

Сондай-ақ, ата-аналардан баланың мінез-құлқына, оның көретін контентіне және оның онлайн саудасына назар аудару сұралып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз