Жыл соңына дейін елімізде жаңадан 9 халықаралық әуе рейсі ашылады

Жарияланды

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

Министрдің айутынша, халықаралық жолаушылар авиатасымалын дамыту үшін 2017 жылдан бастап Open sky режимі енгізілді. Нәтижесінде жыл сайын жаңа халықаралық маршруттар ашылып жатыр.

«Қазір 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік әуе компаниясы орындайды. Бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштен жоғары», – деді министр.

2023 жылы 18 жаңа маршрут ашу жоспарланған, оның 9-ы ашылды.

«Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады деп жоспарлап отырмыз. 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейстерді ашылады», – деді Марат Қарабаев.

Сондай-ақ оқыңыз