Dow Jones өнеркәсіп индексі 0,2%-ға төмендеді

Жарияланды (жаңартылды )
Қор нарықтарында индекстер төмендеуде/Shutterstock

Мамырдың 31-і Dow Jones өнеркәсіп индексі 0,2%-ға төмендеді, S&P 500 мәні өзгермесе, Nasdaq Composite техгологиялық индексі 0,3%-ға өсті. Трейдерлердің басты назарында — мемлекеттік қарыз туралы шешімнің салдары мен Федералды резерв жүйесінің ақша-кредит саясаты.

Америка Құрама Штаттары билігінің бір шешімге келгенімен, олар әлі осы шешім жөнінде 5 маусымда дауыс бермекші, деп Barron’s басылымына Navellier & Associates негізін қалаушы Луи Навелье айтты. Сол күннен кейін инвесторлардың назары Федералды резерв жүйесінің ақша-кредит саясатына ауады деп сарапшы ойлайды.

Инфляцияның әлі де жоғары мағынада болуына байланысты ФРЖ базалық мөлшерлемені қайта көтеруі мүмкін деп ING сарапшысы Падраик Гарви ескертуде. Қазір трейдерлер мөлшерлеменің 25 базистік пункте өсу мүмкіндігін 62%-ға бағалайды.

Сондай-ақ оқыңыз