Қазақстанның халықаралық резервтері екінші ай қатарынан өсуде

Жарияланды
/ Kursiv.Media

Қазақстанның халықаралық резервтері сәуірде 1,8%, $96,3 млрд-қа дейін ұлғайды. Жыл басынан санағанда бұл көрсеткіш 6-пайыздық өсімді көрсетуде. Бұдан бір ай бұрын елдің халықаралық резервтері 2,9%-ға өскен болатын. Бұл туралы Ұлттық банктің жариялаған статистикасынан белгілі болды.

Өсімге ең алдымен жалпы халықаралық резервтердің бір айда 3,8%-ға ұлғаюы ықпал етті. Қазақстан ұлттық қорының активтері сәуір айында 0,5%, $58,7 млрд-қа өсті. Айта кету керек, халықаралық резервтер жалпы халықаралық резервтер мен Ұлттық қор активтерінен тұрады. 

Алтынның көлемі, керісінше, бір айдың ішінде 3,5%, $20,3 млрд-қа дейін азайған. ЕАВ-ғы активтер сәуір айында 14,4%, $17,3 млрд-қа өсті.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор активтерін жеті жылдың ішінде 100 млрд долларға жеткізуді тапсырған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз