Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына 2,2 трлн теңге қарыз

Жарияланды (жаңартылды )
Шығарушы редактор
Фото: kursiv.media

Микроқаржы ұйымдары қазіргі кезде 2,2 трлн теңге қарыз берген. Оның 741 млрд теңгесі заңды тұлғаларға берілген қарыз болса, жеке тұлғалар 1,2 трлн теңге қарыз алған. Ал дара кәсіпкерлерге берілген несие көлемі 256 млрд теңгені құрайды.

ҚНРДА дерегіне сүйенсек, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың активтері биыл І тоқсанда 7,1%-ға немесе149 млрд теңгеге өсіп, сәуір айында 2,3 трлн теңгені құрады. Активтердің артуы микроқаржы ұйымдары кредит портфельдің өсуімен байланысты.

«МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп бөлігі микроқаржы ұйымдарына – 1 194 млрд теңге немесе 52,8%, кредиттік серіктестіктер – 792 млрд теңге немесе 35,0%, ломбардтар – 274 млрд теңге немесе 12,1% тиесілі», делінген хабарламада.

Шағын несие ұйымдарының несие портфелі биыл 1-тоқсанда 4,2%, 2,2 трлн теңгеге дейін өскен. Соның ішінде заңды тұлғаларға берілген қарыз 1,2% өссе, жеке тұлғалар алған борыш бір тоқсанда 4,6 пайызға артқан.

Биыл МҚҰ портфелі сапасының жақсаруы байқалады. Осылайша, МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам мерзімі өткен (NPL90+) қарыздардың деңгейі 2023 жылғы 1 сәуірде 3,2%-ды құраған. Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш 4,6%-ды құрайды. Меншікті капиталы тоқсан ішінде 3,6%-ға ұлғайып, 650 млрд теңгені құрады (2022 жылғы өсу – 11,3%).

Сондай-ақ оқыңыз