Фото: kursiv.media
ҚНРДА мәліметі бойынша, сақтандыру компанияларының кірісі жыл басынан бері 9,7 пайыз өсіп, 2,3 трлн теңгені құраған. Сәуір айындағы өсім – 3 пайыз. Бұл көрсеткішке сақтандыру қызметі кірінің артуы арқасында қол жеткізілген. Бір айдағы таза пайдасы – 21,3 млрд теңге.
Қазіргі кезде сақтандыру секторында 26 сақтандыру ұйымы бар. Соның оны өмірді сақтандырумен айналысады.
Активтер құрылымында басым үлесі бағалы қағаздар – 70,2% (1,6 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдар– 6,9% (156 млрд теңге), мен сақтандыру дебиторлық берешекке – 5,1% (115 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2023 жылғы сәуірде 1,4 трлн теңгеге дейін 3,5% өсті. Ал меншікті капиталы 2023 жылғы сәуірде 2,1%-ға немесе 17,2 млрд теңгеге 846 млрд теңгеге дейін, негізінен сақтандыру қызметінен түскен пайданың есебінен артқан.
2023 жылғы сәуірде сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 21,3 млрд теңгені құрады.
Бір айда жеке және заңды тұлғалармен 1 342 мың шарт жасалған, бұл 2023 жылғы наурыздағы көрсеткішпен салыстырғанда 8,2%-ға көп.
2023 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 4 615 мың шартты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,6%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша шарттарға тиесілі», делінген хабарламада.
Сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақысы 2023 жылғы сәуірде 84,2 млрд теңгені құрады. 2023 жылғы 4 айда жалпы 322,5 млрд теңгеге жеткен.
Міндетті сақтандыру бойынша жылдың басынан бері 59,3 млрд теңге сақтандыру сыйлықақылары жиналып, былтырғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға көп.
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2023 жылғы 4 айда 92,9 млрд теңгені құраған, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға аз. Ол қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын жеке аннуитеттік сақтандырумен бірігуіне байланысты.
«Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бері 170,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,3%-ға көп. Өсу, негізінен, автомобиль көлігін сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 136,9%-ға немесе 15,9 млрд теңгеге және мүлікті сақтандыру бойынша 11,6%-ға 9,2 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты», деді ҚНРДА.
2023 жылғы сәуірде сақтандыру төлемдері 27,7 млрд теңгені, 2023 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 77,7 млрд теңгені құрады. Сәуір айында 95 мың төлем, 2023 жылдың басынан бері – 368 мың төлем жүзеге асырылған.