Жаңалықтар

«Үйлестіруші мемлекет»: Мәжіліс ҰҚШҰ бітімгершілік қызметі туралы шартты талқылады

Kursiv.media

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгершілік қызметі туралы шартқа түзетулерді ратификациялауға дайындалып жатыр. Сәрсенбі күні Мәжілісте «2007 жылдың 6 қазанындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңының жобасын қабылдады.

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтің айтуынша, хаттамаға 2021 жылдың 16 қыркүйегінде Душанбе қаласында Ұжымдық кеңес отырысында қол қойылған.

«Хаттама арқылы «үйлестіруші мемлекет» ұғымы енгізіледі. Осы мемлекет аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қолдау операциясында қолдану мақсатында ұжымдық бітімгершілік күшті құру көзделеді. Үйлестіруші мемлекетті Кеңес айқындайды. Оның мақсаты – операцияда осы күштерді қолдануды жан-жақты қамтамасыз ету мәселесін шешу», – деді Сұлтан Қамалетдинов.

Бітімгершілік күштің операцияға қатысуы үйлестіруші мемлекет пен Біріккен Ұлттар Ұйымының уәкілетті бөлімшесі арасындағы келісімде айқындалады.

«Мемлекеттер осы операцияға ерікті түрде қатысады. Хаттама мемлекеттің операцияға қатысу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының әзірлік жүйесінде тіркелген бітімгершілік контингентін жіберу құқығын шектемейді. Хаттаманы ратификациялау Қазақстан мүддесіне сәйкес келеді. Өйткені ол Ұйым мен оған мүше мемлекеттің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, ынтымақтастықты нығайтуға тиімді қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Мәжіліс депутаттары заңды қабылдады.