Жаңалықтар

Үндістан «НАТО Плюске» шақырылды

Америка Құрама Штаттарының Үндістандағы елшісі Эрик Гарсетти ел өкілдері «НАТО Плюс» тобына кіру керек пе, жоқ па, соны шешуі керек дейді. Бұл туралы ол Үндістанның wion телеарнасына берген сұхбатында хабарлады.

Еске салайық, Үндістанның «НАТО Плюс» тобына кіруі туралы ақпарат 24 мамырда тарады. Сол кезде Америка конгресі Үндістанды «НАТО Плюс» тобына қабылдау туралы ұсыныс жасады.

«Қазіргі уақытта біз Үндістанға өте жақын болдық. Бұдан әрі ынтымақтастықтың барлық нұсқалары қазір үстел үстінде деп ойлаймын. Оларды шешу керек», – деді Грасетти.