Жаңалықтар

АҚШ Украинаға 300 миллион доллар әскери көмек көрсетеді

Военная помощь США Украине

Фото: kursiv.media

АҚШ Украинаға кәрсетілетін әскери көмектің соңғы пакетін жариялады. Ол бойынша 300 миллион долларға әскери көмек көрсеттіледі.

Көмек санатында Patriot әуе қорғанысы мен «Stinger» зениттік жүйелері мен танктік оқ-дәрілер және 300 миллион долларға дейінгі басқа да қорғаныс құралдары кіреді. Бұл жайлы News & World Report басылым жазды.

Жалпы алғанда, Байден әкімшілігі Украинаға 38,3 миллиард доллардан астам әскери көмек көрсеткен. Оның ішінде Ресей басқыншылығынан бері 37,6 миллиард доллардың көмегі берілді.

Ал сәуір айында АҚШ Қорғаныс министрлігі Украинаға 325 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін жариялады. Бұл пакетте HIMARS бірнеше зымыран тасығыш (MLRS) снарядтары, артиллериялық снарядтар және танкке қарсы қолданатын қару түрлері де бар.

Ресей 2022 жылдың 24 ақпанында Украинада әскери операция бастады. Содан кейін Владимир Путин ДХР мен ЛХР (Қазақстан мойындамайды) тәуелсіздігін мойындады. Бұл шабуылын Ресей Украинаны демилитаризация және денацификация жасау операциясы деп атады.

Соғыс тек Укарина жерінде ғана жүріп жатқан жоқ. Соңғы кездері Ресей аумағына аспаннан шабуылдар жиілей түскен. Мәселен 30 мамыр күні Мәскеуге аспаннан дрондар шабуыл жасады.

Президент сайлауында жеңіске жеткен Режеп Тайып Ердоғанның инаугурациясынан кейін Түркияға Ресей мен Украина Президенттері – Владимир Путин мен Владимир Зеленский келетіні белгілі болды.