Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде көш бастады

Жарияланды

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы, сондай-ақ Twitter компаниясының иесі Илон Маск Bloomberg агенттігінің нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде көш бастады. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Маск Louis Vuitton Moet Hennessy (LVMH) тобының президенті Бернар Арноны басып озды. Оның байлығы 186,6 миллиард долларға бағаланады.

Агенттіктің мәліметі бойынша, планетаның ең бай адамдарының тізіміндегі үшінші орында Amazon негізін қалаушы Джефф Безос. Оның байлығы шамамен 144 миллиард долларды құрайды.

Қазіргі уақытта Масктың байлығы 192,3 миллиард долларға бағаланады.

Агенттік атап өткендей, 51 жастағы Масктың активтері биылғы жылы 50 миллиард доллардан астам өсті, бұл негізінен оған тиесілі Tesla компаниясының акцияларының бағасының өсуіне байланысты.




                

                
            
Сондай-ақ оқыңыз