KMG PetroChem мен Теңізшевройл «Газ бөлу кешені» жобасы бойынша негізгі шарттарға қол қойды

Жарияланды

2023 жылы 1 маусымда «KMG PetroChem» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) мен «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) «Газ бөлу кешені» (ГБК) жобасын іске асыру үшін қажетті келісімдердің Негізгі шарттарына (Негізгі шарттар) қол қойды. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.

Газ бөлу кешені құрылысын Теңіз кен орнының аумағында жүзеге асыру көзделіп отыр. ГБК – полиэтилен өндіру зауытында (Полиэтилен жобасы) шикізат ретінде пайдаланылатын этанды шығаруға арналған инфрақұрылымды объект.

Негізгі шарттар ГБК жобасын іске асырудың базалық параметрлерін, ТШО-ның KMG PetroChem компаниясына құрғақ газды жеткізуі мен техникалық қызмет көрсету бойынша алдын ала шарттарды және объектіні салу мен пайдалану кезеңінде үйлестіру бойынша басқа да мәселелерді бекітеді. Бұл іс-әрекеттердің барлығы Қазақстан Республикасының елде мұнай-химия саласын дамыту жөніндегі жоспарын қолдауға бағытталған.

«Бүгін аталған құжатқа қол қою арқылы біз жоғары сапалы полиэтилен өндіретін ауқымды кешенді жүзеге асыруға бір қадам жақындадық. Бұл жобалар «ҚазМұнайГаздың» бизнесті әртараптандыру және қолда бар көмірсутек шикізаты негізінде өндірілетін өнімдер портфелін кеңейту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына сай келеді»,- деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

«ТШО Қазақстан Республикасының елдегі индустрия мен экономиканың одан әрі дамуына серпін беретін мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бойынша жоспарларына белсенді қолдау білдіруді жалғастырады»,- деп атап өтті ТШО Бас директоры Кевин Лайон.

«Негізгі шарттарға қол қою – ГБК жобасын іске асыру үшін аса маңызды қадам. Қазір біз Газ бөлу кешенін салу мен пайдалану кезеңінде өзара іс-қимыл жасау мен жауапкершілікті бөлісудің негізін қаладық»,- деп атап өтті KMG PetroChem Басқарма төрағасы Дастан Абдулғафаров.

Сондай-ақ оқыңыз