Корпоративті сектордың жағымсыз жаңалықтары АҚШ қор нарығын құлдыратты

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Сәрсенбі күні АҚШ акциялары арзандап, жалпы мамыр айында аралас динамика көрсеткен. Мамыр айында Dow Jones Industrial Average 3,5%-ға төмендесе, S&P 500 0,2%-ға, Nasdaq Composite 5,8%-ға көтерілді.

Өткен тәулікте қор нарығы Қытайдың әлсіз статистикалық мәліметтері мен жағымсыз корпоративтік жаңалықтарға байланысты құлдырады. Сәрсенбі күні нарық жабылу сәтінде Dow Jones Industrial Average 134,51 тармаққа (0,41%) төмендеп, 32 908,27 тармақты құраса, Standard & Poor’s 500 0,61%арзандап, 4179,83 тармаққа жетті. Ал Nasdaq Composite 82,14 ұпай (0,63%) жоғалтып, 12 935,29 тармақ деңгейінде қалыптасты.

Сәрсенбіде жарияланған Қытайдың әлсіз статистикасы трейдерлердің ел экономикасы жағдайы мен әлемдік экономика үшін белсенділіктің төмендеуі салдарына қатысты қорқынышын арттырды.

ҚХР Ұлттық Статистика Бюросы есептеген Қытайдың өңдеу өнеркәсібіндегі сатып алу индексі (PMI) сәуірдегі 49,2-ден бес айдағы ең төменгі көрсеткіш – 48,8-ге дейін төмендеді. Индекстің 50 баллдан төмен болуы өнеркәсіп саласындағы белсенділік төмендегенін байқатады. Көрсеткіш екінші ай қатарынан осы деңгейден төмен болып тұр.

«Әлемдік экономикалық өсімнің баяулауы туралы қорқыныш Қытайдағы өнеркәсіптік белсенділіктің төмендеуі туралы деректер жарияланғаннан кейін күшейді және бұл нарықтардың көңіл-күйіне әсер етті», – деген Hargreaves Lansdown сарапшысы Сюзан Стритернің сөзін Market Watch келтіреді.

Нарықтағы қысым қаржы жүйесіндегі өтімділіктің төмендеуін күтуге де әсер етеді. Егер Конгресс мемлекеттік қарыз шегін көтеру келісімін мақұлдаса, АҚШ Қазынашылығы өтімділік резервін толықтыру үшін алдағы үш айда 730 миллиард доллар мемлекеттік облигацияларды шығаруы керек. Бұндай болжамды Morgan Stanley сарапшылары жасап отыр.

«Нарық мемлекеттік қарыз лимиті туралы келісімнің қабылданған соң, қаржы жүйесіндегі өтімділік көлемі төмендейтініне көндіккен сияқты», – деді сарапшы Майк Рейнольдс.

Сәрсенбіде қор нарығына АҚШ Орталық банкі маусым айында мөлшерлемелерді көтермейтінін мойындаған Федералды резерв жүйесі (FRS) екі өкілінің мәлімдемесі де белгілі бір қолдау көрсетті.

ФРЖ басқарма мүшесі Филип Джефферсон егер орталық банк маусым айындағы отырысында мөлшерлемені көтермесе, бұл қатаңдату циклінің аяқталғанын білдірмейтінін айтты.

CME деректеріне сәйкес, трейдерлер маусым айында ФРЖ-ның 25 базистік тармаққа көтерілу мүмкіндігін 33.2% деңгенйінде болжап отыр. Сәрсенбі күні таңертең 70% ықтимал деп бағалаған.

Сәрсенбі күнгі саудада Hewlett Packard Enterprise акциялары 7,1%-ға арзандады. IT және телекоммуникациялық шешімдер провайдері екінші қаржы тоқсанында кірісі төмендегенін жариялады.

HP Inc. бағасы 6,1%-ға төмендеді. Компания соңғы тоқсанда таза кірісін 7%-ға арттырып, бірақ оның кірісі пандемия басталғалы бері ең төменгі көрсеткішті көрсетті.

Автокөлік бөлшектері мен керек-жарағын сатумен айналысатын Advance Auto Parts Inc. акциясының бағасы 35%-ға арзандары. Компанияның бірінші қаржы тоқсандағы таза кірісі үш есе төмендеді.

Capri Holdings акцияларының да бағасы 11,3%-ға арзандады. Michael Kors, Jimmy Choo және Versace сән үйлеріне иелік ететін компания 2023 қаржы жылының бірінші тоқсанын кірісі 10,5 пайызға төмендеп, жылды таза шығынмен жапты.

American Airlines Group Inc акциялары. 1,1%-ға өсті. Әуе компаниясы 2023 жылдың екінші тоқсанындағы түзетілген кірісі мен операциялық маржа болжамын жоғарылатып, оның қызметтеріне сұраныстың тұрақтылығын атап өтті.

CVS Health Corp. Бағалы қағаздар құны 1,3%-ға өсті. Дәріханалар желісіне иелік ететін компания биылға арналған қаржы болжамын растады

Сондай-ақ оқыңыз