Маңғыстауда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі артты

Жарияланды

Фото: kursiv.media

2026 жылға дейін Маңғыстау облысында 100 жоба жүзеге асырылып, 6000 жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл жайлы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты.

«Биылғы жылдың 4 айында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі көрсеткіштердің барлығында оң динамика байқалды. Ал негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі жылдан жылға артып келеді. Қазіргі таңда құйылған инвестиция көлемі 266 млрд теңгені құрады. Ал былтыр жалпы сомасы 25 млрд теңгеге 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 600-ден аса жаңа жұмыс орны құрылды», – деді өңір басшысы ОКҚ алаңында.

Сонымен бірге өңір басшысы Маңғыстау облысына келетін туристер санының артқанын айтты. Биыл бұл өңірге 310 мыңнан астам турист сапарлаған. Бұл орайда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі де көбейген. Әкім өңірде жалпы құны 1,1 млрд теңге болатын, 4 жоба жүзеге асырылғанын айтты. Ал биыл бұл салада 130 жаңа жұмыс орны құрылып, жалпы құны 76 млрд теңгеге 2 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз