Армениядағы жағдай ҰҚШҰ беделіне әсер етпей қоймайды – Пашинян

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Армения премьер-министрі Никол Пашинян өз еліндегі жағдай ҰҚШҰ беделіне соққы боп тиіп, ұйымға тигізер салдары болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан агенттігі хабарлайды.

«Бүгін біз ҰҚШҰ қызметіне қатысты көңіліміз қалғандай күйде тұрмыз, өйткені ҰҚШҰ – Армения қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі тетіктің бірі еді. Бірақ 2021 жылдың мамыр-қарашасы мен 2022 жылдың қыркүйегіндегі Әзірбайжанның Арменияға қарсы арессиялы әрекеті кезінде ҰҚШҰ-ның жөнсіз реакциясы, ең алдымен, Армения халқының көңілін қалдырды. Өйткені олар ҰҚШҰ сенімді қауіпсіздік тетігі екеніне сенімді болды», – деді Пашинян өзінің Чехияға ресми сапары барысында CNN телеарнасына берген сұхбатында.

Пашинянның айтуынша, «сенім үдесінен шықпаған себепті, Еревандағы ҰҚШҰ саммитінде бірқатар іргелі құжаттарды бекіту мүмкін емес деп санаған».

«Бірақ бұл Ұйымға да зиянын тигізетінін айтқым келеді. Өйткені Арменияға қатысты жағдай ең алдымен, ҰҚШҰ беделіне соққы. Яғни, мұның Ұйым үшін белгілі бір салдары болады», – деп атап өтті Армения премьер-министрі.

22 мамырда өткен баспасөз мәслихатында Пашинян Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығу мәселесі өзекті болып қала беретінін мәлімдеді.

«Егер Армения де-юре ҰҚШҰ-дан шығу туралы шешім қабылдаса, бұл – ҰҚШҰ Армениядан кетіп жатыр деген сөз. Бұл жерде ұйымның Армения алдындағы міндеттемелері туралы айтып отырмын»,- деді Пашинян.

Сондай-ақ оқыңыз