Қытай барлық елдерді соғысушы тараптарға қару жіберуді тоқтатуға шақырды. Бұл туралы ҚХР-ның Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэй мәлімдеді, деп хабарлайды Sky News.
Ол Қытайдың Еуропаға келіссөздер жүргізу үшін тағы бір делегация жіберуге дайын екенін түсіндіріп, «соғыс алаңына қару жіберуді тоқтату» және бейбіт келіссөздерге назар аудару керек екенін атап өтті.
Бұған дейін Қытай СІМ-нің ресми өкілі Мао Нин Пекин консенсусты нығайтуды және Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ұмтылуды жалғастыратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Қытай барлық тараптармен диалогты күшейтеді және Украина дағдарысын саяси шешуге өз үлесін қосады.