ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Азия даму банкі мен Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдерінің және орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Ақтөбе-Мақат және Алматы-Қорғас автожолдарын күрделі жөндеу, ирригациялық және су бұру жүйелерін жаңғырту мәселелері, сондай-ақ әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасының ипотекалық несие беру шарттары қарастырылды.
Сонымен қатар отырыс барысында халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру сапасын арттыру жөніндегі шаралар талқыланды.