Үндістанда пойыз апатынан 288-ден астам адам қайтыс болды

Жарияланды

Үндістанның шығысындағы теміржол апаты 288 адамның өмірін қиды. Сондай-ақ 900-ден астамы жарақат алды. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.

Бұған дейін 120 адам қаза тауып, 600 адам зардап шеккені туралы хабарланған.

Калькуттадан Ченнаиға баратын жедел пойыз тауар құрамымен соқтығысқаннан кейін рельстен шығып, тағы бір экспрессті соқты. Оқиға орнында іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр.

Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди болған оқиғаға байланысты көңіл айтты және егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін көлік министрімен байланысқа шықты.

Сондай-ақ оқыңыз