Үндістанның Одиша штатында бірнеше пойыздың соқтығысуынан қаза тапқандар саны 300-ге жақындады. Бұл туралы Hindustan Times хабарлады.
Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта 294 адамның қайтыс болғаны айтылған. Тағы жүзге жуық жолаушы ауыр жағдайда. Зардап шеккендердің саны мыңнан асты.
20 жылдағы ең үлкен теміржол апатының аясында оппозиция Үндістанның байланыс жолдары министрі Ашвини Вайшнауды отставкаға кетуге шақырды.
Оқиға 2 маусымда Баханага Базар станциясының жанында болды. Coromandel Express жолаушылар пойызы жүк пойызымен соқтығысып, сегіз вагон рельстен шығып кетті.