Жаңалықтар

Қазақстан 2022 жылы теңіз жүк тасымалын бір жарым есеге арттырды

2022 жылы теңіз көлігімен тасымалданған жүк көлемі 1,1 млн тоннадан асты. Осылайша өткен жылы теңіз көлігімен 1 193,7 мың тонна тасымалданды — бұл 2021 жылмен салыстырғанда 46,8% артық. (2021 ж. – 812,9 мың тонна).

Теңіз тасымалының жүк айналымы 2022 жылы 681,9 млн ткм құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,3% артық. (2021 ж. – 552,8 млн ткм).

Өткен жылы теңіз көлігімен 89,2 мың адам тасымалданды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2022 жылы 282 теңіз кемесі тіркелген. Олардың ішінде баржалар, мұнай құю кемелері, құрғақ жүк тасымалдау, қамтамасыз ету кемелері және т.б. бар. Пайдалану мерзімі бойынша кемелердің 23% шыққан жылы 25 жылдан асқан, 22% 16-дан 20 жылға дейін, тағы 26,6% 11-ден 15 жылға дейін, теңіз көлігінің 9,9% шыққан жылы 5 жылдан аз.

Қазақстандағы теңіз жүк тасымалы Каспий теңізіндегі Ақтау және Құрық порттарынан орындалады. 2022 жылғы қарашада Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев тасымалдау үшін екі порттың өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға дейін арттыру қажеттігін мәлімдеді. 2023 жылғы қаңтарда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу өткен жылы 19% — ға, контейнерлік тасымалдар 24% – ға өскенін хабарлады.