Қазақстандықтардың басым көпшілігінің жазда қыдыруға қаражаты жетпейді

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстандықтардың жартысына жуығы жазғы демалысқа ештеңе жопарламайды. Өйткені демалысқа арнайы қаражат бөле алмайды. OLX.kz сайты сауалнама жүргізіп, Қазақстан азаматтарының 45 пайызы қаражаттың жоқтығынан биылғы жылы жазғы демалысты жоспарламайтынын анықтаған.

«Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі, яғни 45%-ы қаржылық себептерге байланысты жазғы демалысты жоспарламайтынын айтты. Биыл бұл көрсеткіш 2022 жылғы ұқсас сауалнамамен салыстырғанда өсті – ол кезде респонденттердің 40%-ы демалысқа шыға алмаған», делінген сайт хабарламасында.

Сауалнамаға қатысқандардың 25 пайызы демалысын ел ішінде өткізуді жоспарлаған, ал 13 пайызы қала сыртында өткізетінін, тек 17 пайызы ғана шетелге сапар шегетінін айтқан.

Шетелге сапарлататын азаматтардың көбісі яғни 40%-ы осы жазда Түркияға кететінін айтқан. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен көп, онда бұл бағытты сауалнамаға қатысқандардың 37%-ы таңдаған. Жалпы Түркия елі жазғы маусымда қазақстандықтар үшін ең танымал сыртқы туристік бағыт болып саналады.

Ал ішкі туризмде қазақстандықтар үшін ең таңдаулы бағыт Алакөл демалыс аймағы. Сауалнамаға қатысқандардың 24 пайызы демалу үшін осы көлге барады. Ал өткен жылы бұл бағытты респонденттердің 28 пайызы таңдаған.

Сауалнамаға сәйкес, орташа қазақстандық отбасы төрт немесе одан да көп адамнан тұрады.

«Отандастарымыздың 64 пайызы сыртқы туристік бағыттарға 1 миллион теңгеден аспайтын қаражат жұмсайтынын айтса, респонденттердің 68 пайызы ел ішіндегі демалысқа 300 000 теңгеге жуық ақша жұмсайтынын айтқан», деп хабарлайды сауалнама авторлары.

Сонымен қатар авторлар отандық туристік бағыттар түрлене түскенін айтады. Атап айтқанда, елде демалуды жоспарлайтын респонденттердің 83 пайызы тауға және жорықтарға шығуды ұнататынын айтқан. Сонымен қатар сервисте «Аңшылық және балық аулау» бөліміндегі сұраулар саны артқан. «Аңшылық және балық аулау» және «Туризм» айдарлары бойынша сұраныс саны Алматы, Астана және Қарағанды ​қалаларында көбірек. Сауалнамаға 4 мыңнан астам адам қатысқан.

Сондай-ақ оқыңыз