Жаңалықтар

Үндістанда құрылысы аяқталмаған көпір екінші рет құлады

Үндістанның Бихар штатында Ганг өзені арқылы өтетін құрылысы аяқталмаған көпір екінші рет құлады. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.

Қазіргі уақытта тергеу басталды. Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.

2022 жылдың сәуір айында бірнеше бағандар құлаған болатын. Ал тергеу нәтижелері сапасыз құрылыс материалдарын пайдалану себеп болғанын көрсетті.

Көпір салу құны бастапқыда 200 миллион доллардан асады деп бағаланды.

Ұзындығы үш шақырымнан асатын бұл көпір Ганг өзенінен өтетін алтыншы көпір.