Алматы №2 ЖЭО-ын жаңғырту жобасы қалай қаржыландырылады?

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Алматы ЖЭО-2 газға көшіру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» мен «Алматы электр станциялары» АҚ кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойды. Бұл жайлы банктің баспасөз орталығы хабарлады.

Сондай-ақ, Алматыдағы Жақұтов атындағы №2 ЖЭО жаңғырту жобасын Азия даму банкі және Еуропа қайта құру және даму банкі де бірлесе қаржыландырады.

Орталық жобасы 2026 жылдың соңында аяқталады. Станция газға көшірілген соң, өндірілетін электр энергиясының көлемі 510 МВт-тан 600 МВт-қа дейін артса, ал жылыту қуаты – 957 Гкал-ға дейін көтеріледі деп күтілуде.

Табиғи газ отын ретінде қолданылғаннан кейін, станцияның қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға мүмкіндік беріп, атмосфераға күкірт диоксиді мен күл шығарындыларының бөлінуін  толығымен жояды. Ал көміртектің қостотығы СО2 бір жарым есе азаюға тиіс.

«ҚДБ жобаға екі себеп бойынша қатысады. Біріншіден, халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру негізінде. Екіншіден, жоба ЖЭО-ның қоршаған ортаға әсерін төмендету, сонымен бірге Алматы агломерациясын энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру арқылы ESG қағидаттарына сәйкес келеді. Бұл жобаның экологиялық әсері біздің қаржыландыру туралы шешім қабылдауымызда жоғары маңызға ие болды», дейді ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Елібаев.

Алматыда газбен жанатын жаңа Алматы ЖЭО-2 құрылысын қандай компания жүргізетіні мамыр айының аяғында белгілі болды. Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіретін мердігер ретінде қытайлық консорциум таңдалып, екі жақты шартқа қол қойылды.

Жобаны салуға 324 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсалады. Бұл жайлы «Алматы электр станцияларының» Басқарма Төрағасы Ерлан Қырқынбаев айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз