Австралияның еңбек қатынастары жөніндегі Төрелік комиссиясы (Fair Work Commission, FTC) жоғары инфляция аясында ең төменгі еңбекақы мөлшерін 33 жыл ішінде рекордтық қарқынмен 5,75%-ға көтеру туралы шешім қабылдады.
Бұл өсім 2,67 миллион австралиялыққа әсер етеді. Белгілі бір секторларда жұмыс істейтін 180 мың адам үшін жалақының нақты өсуі 8,6% құрайды.
Шешім ең төменгі жалақыны 3,8%-ға арттыруды ұсынған бизнес-қауымдастықтар мен 7%-ға арттыруды талап еткен кәсіподақтар арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша қабылданды.
Бірінші тоқсанда Австралияда тұтыну бағасы 7%-ға өсті.