Жаңалықтар

ЕО Жерорта теңізіндегі заңсыз көші-қон мәселелері бойынша жаңа жоспар құрды

Еурокомиссия Батыс Жерорта теңізі мен Атлант мұхитындағы заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылдың жаңа жоспарын құрды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Солтүстік және Батыс Африкадан Еуропаға заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылдың жаңа кешені адам контрабандасына қарсы күресті, Еуроодақтың Frontex сыртқы шекаралар қауіпсіздігі жөніндегі агенттігінің шекаралық бақылауын күшейтуді және Еуропаға ең көп мигранттар кіруге тырысатын елдермен өзара іс-қимылды нығайтуды қамтиды.

Бұдан бөлек, Еурокомиссия Сенегал Мен Гамбия сияқты елдерге ұлттық реинтеграция тетіктерін дамыту үшін қаржылық қолдау көрсетуді қолдайды. Осылайша өз елдеріне қайтарылған мигранттар қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріне қосылуға көбірек мүмкіндік алады.