Halyk Bank мемлекеттен алған көмегінің бір бөлігін қайтарды

Жарияланды (жаңартылды )
Шығарушы редактор

Фото: kursiv.media

Halyk Bank АҚ мемлекеттен алған көмегінің 28,4 млрд теңгесін мерзімінен бұрын қайтарды. Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының хабарлауынша, бұл шешім акционерлердің 25 мамырда өткен жылдық жиналысында қабылданған.

Банк депозит түріндегі мемлекеттік көмекті 2015 жылы сол кездегі Казкоммерцбанк арқылы алған. 2018 жылы «Қазком» мен Халық банкі біріккеннен кейін, Halyk Bank депозиттің заңды мұрагері болды, ал мемлекеттік көмек сомасы банктің біріктірілген балансына аударылды.

ҚНРДА қаулысына сәйкес, егер банк дивиденд төлейтін болса, онда мемлекеттік көмектің банк капиталындағы бөлігін де мерзімінен бұрын қайтаруы қажет.

«Халық банктің» 2022 жылғы таза табысы 539,1 млрд теңгені құраған. Банк «Қазақстанның тұрақтылық қоры» АҚ депозитін мерзімінен бұрын ішінара қайтаруға 28,4 млрд теңге немесе төленген дивиденд сомасының 10,26%-ын жіберген.

Ал банк акционерлері Тимур мен Динара Кулибаевтар «АЛМЭКС» арқылы 192,4 млрд теңгесін иеленсе, номиналды ұстаушы саналатын The Bank of New York банкі 78,9 млрд теңге дивиденд алады.

Еліміздегі 6 екінші деңгейлі банк мемлекетке қарыздар. Олар – 2017 жылы қаржылық орнықтылықты көтеру бағдарламасына қатысқан «Еуразиялық банк», «Банк ЦентрКредит», Jusan Bank (көмек АТФБанк пен «Цеснабанкке» көрсетілген), «Нұрбанк», Halyk Bank және Bank RBK. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, алтауы алған жиынтық сома – 700,5 млрд теңге.  

Бұл бағдарламаны 2017 жылы Ұлттық банк бекіткен болатын. Ол кезде банктердің шығыны, банктердің балансында стресстік активтердің жоғары деңгейі анықталған.  Атамыш бағдарлама проблемалық заимдарға провизия жасау үшін, банктердің капитализациясын толықтыру мақсатында қабылданған еді.

2 маусымда Bank RBK да мемлекеттен алған 13 млрд теңгені ішінара қайтаруа бастағанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз