Фото: kursiv.media
Microsoft корпорациясына кәмелетке толмағандардың деректерін заңсыз жинағаны үшін айыппұл салынды.
Атап айтқанда, Федералдық сауда комиссиясы (FTC) Microsoft корпорациясына Xbox ойын консолінің кәмелетке толмаған пайдаланушыларынан деректерді заңсыз жинағаны үшін 20 миллион долларға айыппұл салды.
«Microsoft корпорациясы балалардың деректерін ата-анасының рұқсатынсыз жинап, 2015-2020 жылдар аралығында сақтаған. Бұл балалардың онлайн құпиялылығын қорғау актісін (COPPA) бұзу болды. Xbox қосымшасына тіркелу кезінде аты, жасы және электрондық поштасы қажет. Сонымен қатар, компания пайдаланушы деректерін олардың 13 жасқа толмағанын көрсетсе де, сақтайды», делінген комиссия мәлімдемесінде.
Сейсенбі күні таңғы саудада Microsoft акциялары 0,1%-ға қымбаттады. Ал жыл басынан бері компанияның капиталдандырылуы 40%-ға өсіп, 2,49 трлн долларды құрады.
Сәуір айында «Microsoft» корпорациясы Қазақстанда мультиаймақтық хаб ашатыны хабарланды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды.