ОПЕК+ шешімі: мұнай көлемін өндіруді азайту Қазақстан үшін қаншалықты тиімді?

Жарияланды

 Фото: kursiv.media

ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін шектеуді келесі жылдың соңына дейін жалғастыруға келісті. Шара нарықта қара алтын бағасы құлдырамас үшін қолға алынып отыр. Шешімге сай биыл жыл соңына дейін ұйымға мүше  мемлекеттер мұнай өндіруді тәулігіне 2 миллион баррельге дейін қысқартпақ. Ал ендігі жылдан бастап бұл көрсеткіш 1,4 млн. баррельге азаяды. Яғни 2024-ші жылдың соңына қарай ОПЕК+ елдері күн сайын өндіретін қара алтын көлемін 40,4 миллион баррельге дейін түсірмекші. Осы ұйымға мүше ел ретінде Қазақстан да мұнай өндірісін көлемін қысқартуға міндеттелді. Энергетика министрлігі берген мәліметке сүйенсек, біз де 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін мұнай өндіруді тәулігіне 78 000 баррельге қысқартамыз. ОПЕК+-тің бұл қадамы экономикасының басым бөлігі қара алтын саудасына тәуелді біздің ел үшін қаншалықты оң немесе теріс әсер беруі мүмкін?

Бұл тұрғыда экономист сарапшылардың пікірі де екі ұдай болып тұр. Мәселен экономист-сарапшы Асылхан Андашев  ОПЕК+ бұл қадамын әлемдегі қара алтынның сұраныс жағдайына қарай қабылданып отырған шешім дегенді айтады.

 «ОПЕК+ келісімі бойынша  мұнай өндіруді тәуелігіне 1.6 млн баррельге азайту жайлы келісті. Оның 1 млн баррелін Сауд Арабиясы өз мойнына алды. ОПЕК+ бұл шешімі әлемдегі мұнайға деген сұранысқа қарай бейімделіп отырғанының белгісі. Қытайдағы экономикалық өсімнің баяулай түсуі алдағы уақытта да мұнайға деген сұаныс өсе қоймайтынын білдіргендіктен ОПЕК+ шешімі орынды. Ал Қытай – әлемдегі мұнай өнімдерін импорттаушы елдер арасында көш бастап тұр»,-дейді сарапшы.

Соынмен қатар қатар ол оның мұнай өндіруді азайту жайлы шешім  Қазақстан үшін  оң әсерін беруі тиіс дегенді айтады.

«ОПЕК+ шешімінен соң Brent маркалы мұнай бағасы 72-73 АҚШ долларынан 77 АҚШ долларына дейін өсті. Сол себепті, мұнай өндіру көлемі азайса да, баға жағынан ұтып тұрмыз. Оның үстіне, Сауд Арабиясы немесе Ресей сияқты күніне 9-11 млн баррель мұнай өндіретін елдер өндіріс көлемін млн-дап азайтып жатуы өндіріс орындары, кен орындарын уақытша жабылуына немесе консервациялануына алып келеді және ол кен орындарды қайтадан іске қосу қосымша қаражатты қажет етеді. Ал Қазақстан күніне 1.68-1.7 млн баррель мұнай өндіреді.  Біздің ел  ОПЕК+ келісімі бойынша күніне өндіретін мұнайды 74 мың баррельге ғана азайту жайлы шешім қабылдады. Бұл пайызға шаққан бұрынғы өндірістен небәрі  -4% ғана. Ал Сауд Арабиясы мұнай өндіруін 9-11% азайтып жатыр. Сондықтан да Қазақстанға 77 мың баррельге өндірісті қысқарту қатты біліне қоймайды»,-деп атап өтті Асылхан Бахадырұлы.

Осы сарапшының пікірінше,  Мұнай өндіруді 3-4% азайту арқылы жоспарланған мұнай көлемін өндіре алмасақ та, баға өсуі арқасында бюджеттегі жоспарланған мұнайдан түсетін табысқа жету бойынша мәселе туындамауы тиіс. Оның үстіне, жоспарлы түрде азайтқалы жатқан көлем де қатты көп емес. 2023 жылғы бюджет мұнай бағасы 85 АҚШ доллары болатын жағдайға сәйкес бекітілген еді. Сол себепті ОПЕК+ келісімі арқылы мұнай бағасы өсіп жатса ол бюджетке, керісінше, пайда алып келетін көрінеді.

Сарапшы Асылбек Күздеубаев, мұнай өндірісін азайтуға міндеттелуіміз біздің үш жылдық бюджеттік сцеариімізге кері әсерін тигізед деген пікір айтады. Оның сөзінше бұл жағдай тіпті ұлттық қорға қосымша қолсалуға әкелетін көрінеді.

  «Біз мұнай экспортына біршама тәуелді елдің бірі болғандықтан, қара алтын өндіру көлемін қысқартуға келсіуіміз  үш жылдық бюджет жоспарымызға тікелей әсер етеді. Бұның арты бюджеттік жетіспеушіліктердің орынын жабу үшін Ұлттық қордан қосымша қаржы алуға немесе басқа да салықтық түсімдер сияқты кіріс көздерінен  қаражат тартуға мәжбүрлеуі мүмкін»,-дейді Асылбек Үсенұлы

   Сонымен қатар ол ОПЕК-тің  бұл қадамы әлемдегі қара алтынның бағасының өсуіне әсер ету, етпуі турасында тап басып айту қиын дейді. Айтуынша, бұл шешім әлемдегі қара алтын бағасын реттеу үшін жасалып отырған қадам.

«Дегенмен менің пікірімше өндіріс көлемін қысқарту туралы шешімнің негізгі себебі, нарықта ұсынылып отырған мұнай көлемінің шектен тыс көптігі, соның салдарынын бағаның әлсіреуі мен құнсыздануы. ОПЕК+ елдердің бұл шешімі осы жағдайды бір қалыпқа келтіру үшін қабылданып отыр. Бұл қара алтын нарығын реттеп отыру үшін жиі қолданылатын  тәсілдердің бірі болып саналады»,-дейді ONSALE сараптамалық орталығының негізін қалаушы Асылбек  Күздеубаев.

Сондай-ақ оқыңыз