Компаниялардың Ресейден Қазақстанға көшуі ел экономикасына оң әсер етті – ЕҚДБ

Жарияланды

Фото: Астана халықаралық қаржы орталығы

Қазақстан экономикасы геосаяси жағдайларға қарамастан төзімділік көрсетті және алдағы уақытта инфляциясы төмендеп, экономикалық көрсеткіштері де жақсара түседі. Бұл жайлы «Astana Finance Days» конференциясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы директоры Озхан Хусейн айтты.

«Соңғы үш жылда әлем қатты өзгерді. Пандемия, геосаяси дағдарыс жағдайды қиындатты. Бұл қиындықтар Қазақстанға өз әсерін тигізді. Бірақ соған қарамастан, Орталық Азия аймағының экономикасы төзімділігін көрсетті.  Қазақстан трансфертіндегі ақша айналымы артты. Бұл экономикалық өсімге жақсы әсер етті. Сол себепті де банк 2023 жылға Қазақстанның экономикалық әлеуетін 3,9 пайызға көтерді. Дегенмен, әзірге инфляция деңгейі үлкен болып тұр. Бұл экономикаға қысым көрсетіп жатыр. Бірақ алдағы уақытта инфляция түседі деп күтілуде. Ал 2024  жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 4.2 пайызға көтеріледі деп болжап отырмыз», дейді Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы директоры Озхан Хусейн.

Елімізде экономикалық көрсеткіштер геосаяси жағдайға байланысты көтеріледі дейді сарапшы. Яғни, соғысқа байланысты Ресейден кетуге мәжбүр болған компаниялардың Қазақстанға көшуі ел экономикасына оң әсер етеді.  

«Көптеген компаниялардың Қазақстанға қоныс аударуы экономикаға әсер етті. Сондықтан да бұл жерде өсім бар. Иә, қиындықтар бар. Бірақ соған қарамаста, экспортта тұрақтылық бар. 2023 жылы Қазақстанның экспортта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенін байқауға болады. Қазақстан компаниялардың релокациясынан ұтады. Бұл бизнес ортаның дами түсуіне әсер етеді», дейді ЕҚДБ өкілі.

Сонымен бірге қаржы институты Қазақстандағы жобаларды қаржыландыруды жалғастыратынын айтты.

«Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстанмен ынтымақтастығына 30 жыл болды. Осы аралықта біз 300 жобаға 10 миллиард евродан астам инвестиция салдық. Біз үшін негізгі үш бағыт маңызды. Ол қаржы секторы, яғни орта шағын бизнестің дамуы. Екіншіден, Транскаспий бағытын назарда ұстаймыз. Үшіншіден,  жасыл экономика саласына мән береміз. Қаржы секторына қатысты, айтар олсақ Қазақстан шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік бар. Оларды иннновциялық жән цифрлық тұрғыда дамыту керек. Сонымен қатар жеке сектордағы компаниялардың дамуына мүмкіндік беру керек», дейді қаржы институтының өкілі.

Қаржы институты жақында зерттеу жүргізіп, онда Транскаспий бағытының тұрақты экономикалық дәліз ретіндегі рөліне тоқалып, оң баға берген.

«Транскаспий бағатына келер болсақ, бұл секторда транспорттық құжаттарды цифрландыру арқылы дәліздің экономикалық әлеуетін арттыру керек. Мұның барлығы Қазақстан экономикасын диверсификациялауғ көмектеседі. Батыс пен Шығысты жалғайтын Транскаспий бағытын дамыту үшін 32 жоба жүзеге асырылуы керек, оған шамамен 18 млн доллар ивестициялық қаражат керек болады. Ол – порттар салу, жол үсті инфрақұрылымын дамыту секілді жобалар», деді Озхан Хусейн .

Ол жасыл экономикаға көшуді тездету үшін Қазақстанның метанға қатысты жаһандық бастамаға қосылуын ұсынды. Метанға қатысты жаһандық бастамаға қосылса, Қазақстан 2030 жылға қарай көміртек шығындыларын 30 пайызға азайта алады. Сонымен бірге ЕҚДБ Қазақстанға құятын өз инвестициясының 50 пайызын жасыл жобаларға бағыттайды.

Сондай-ақ оқыңыз