Қазақстан әскері ҰҚШҰ аясында ешқандай әскери іс-қимылға қатыспайды – Қорғаныс министрі

Жарияланды
коллаж kursiv.media

Фото: kursiv.media

Қазақстан армиясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында өзге елдердің аумағында ешқандай әскери іс-қимылға қатыспайды. Бұл туралы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәлімдеді.

«Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгершілік мәселелері бойынша ел аумағынан шығуы көзделмеген. Біз бітімгерлік миссиясын тек БҰҰ аясында ғана жүргіземіз. Бірақ ҰҚШҰ елдерінің аумағында орындамаймыз және ешқайда бармаймыз. Уайымдамасаңыздар болады», – деді Қорғаныс министрі.

Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан кіреді.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары «2007 жылдың 6 қазанындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз