Жаңалықтар

Алматының саябақтары мен скверлерінде электросамокатпен жүруге шектеу қойылды

Где запрещено ездить на электросамокатах в Алматы

Алматы әкімдігі кикшеринг компанияларымен бірге электрсамокаттардың жүруі шектелетін орындарды анықтады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шара жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мен қоғамдық орындарда жұру ыңғайлы болу үшін қолға алынған.

 Мәселен,электрсамокаттармен Южный, 28 Панфиловшы, Мәдениет және демалыс, Тұңғыш Президент саябақтарында жүруге болмайды.

Сонымен қатар ҚБТУ алдындағы және Северный скверлері, Ботаникалық бақ, Арбатта (Жібек жолы даңғ. Назарбаев даңғ Абылай хан даңғылына дейін) және Тереңқұрда электросамокатпен жүруге шектеу қойылған.

Бұдан басқа, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Мақатаев көшесінде Чайковский және Желтоксан көшелерінің аумағында орналасқан скверде жылдамдық 10 км/сағ дейін шектеледі.

Төлебаев көшесінде электрсамокаттарды қалдыруға тыйым салынады. 

 Шектеулер электросамокаттарды жалға беруші компаниялардың арнайы қосымшаларында көрсетілетін болады. Қолданушылар ережелерді сақтауы, адамдар көп жиналған орындарда үлкен жылдамдықпен жүрмеуі тиіс.

Биыл мамыр айында Мәжіліс депутаттары «Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдаған болатын. Бұл құжат негізінде электросамокаттар көлік құралы ретінде танылып, электросамокат айдайтын қазақстандықтарда жүргізуші куәлігі міндеттелді.

Айта кетейік, жыл басынан бері самокатқа қатысты 44 оқиға тіркелген. Былтыр 1 адам қайтыс болды.