Жаңалықтар

Елімізде IT мамандарға сұраныс жоғары

Фото: kursiv.media

Қазақстанда IT саласының мамандарына сұраныс жоғары. HeadHunter компаниясы Қазақстан жұмыс берушілерінің сұранысы мен сайтта жарияланған үміткерлердің түйіндемелері негізінде зерттеу жүргізген.

Бұл зерттеуден Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайды анық көруге болады. Талдау барысында 2022 және 2023 жылдың алғашқы бес айы қамтылған.

Зерттеуге сәйкес, жоғары сұранысқа ие маркетологтар мен IT мамандары екен. Соңғы жылдары бұл екі салаға деген сұраныс 21%-ға артқан. Әсіресе, жұмыс берушілер тарапынан ұсыныс көп.

Содан кейін ауыл шаруашылығы манмандарына жұмыс беруші тарапынан ұсынылатын орындар көп екен. Бұл сала бойынша сұраныс көлемі 17%-ды құраған. Ал 16 пайзыздық көрсеткішпен келесі орында өнер, ойын-сауық, масс-медиа салалары тұр.

Бухгалтерлік есеп және қаржы – Қазақстандағы бос жұмыс орындарының саны бойынша екінші кәсіптік сала боп есептеледі. Алайда сұраныстың жоғары болуына қарамастан, бұл бағытта соңғы кездері құлдырау байқалды. Сұраныс азайған мамандықтар арасында заңгерлер, автокөлік бизнесі саласы да бар.