Жаңалықтар

Францияда ер адам пышақпен балаларға шабуыл жасады

Францияның оңтүстік-шығысындағы Анси коммунасы маңындағы саябақта ер адам балаларға шабуыл жасады. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Француз БАҚ-тың хабарлауынша, көл жағасындағы саябақта сегіз бала пышақ жарақатын алған.

Күдікті ұсталды.

Ұсталған күдікті -32 жастағы сириялық. Ол биыл Швецияда босқын мәртебесін алған.

Франция ІІМ басшысы Джеральд Дарманин тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

«Бүгін таңертең Ансидегі саябақта шабуыл жасалды. Балалар мен ересектер өмір мен өлімнің арасында. Ұлт есеңгіреп қалды»,-деді Франция президенті Эммануэль Макрон Twitter-де.