Қазақстанда ішкі туризмге деген сұраныс жоғары

Жарияланды
Шығарушы редактор

Фото: kursiv.media

Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, 2023 жылдың І тоқсанында ел ішінде саяхаттаған туристер саны 1,3 млн адамды құрады. Бұл былтырғы деңгейден 19,1%-ға (200 мың адам) жоғары. 10 жылдан бері жыл басында мұндай көрсеткіш байқалмаған.

Дәл осындай көрсеткіш 2020 жылдың қаңтар-наурызында байқалып, 20,1%-ға (0,2 млн адам) өскен еді. 2021 жылдың басында ел ішінде саяхаттушылар қатары күрт азайды. Барлығы 900 мың адам болды. Ал 2022 жылғы қаңтар-наурыз айында ішкі туристердің саны 1,1 млн-ға жетті.

Сыртқы туризмнің де көрсеткіші төмендеп кеткен. 2023 жылдың басында 1,4 миллион адам шетел курорттарына барған. Бұл – кейінгі 10 жылдың бірінші тоқсандағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Сырттан елімізге саяхаттап келгендер саны әдеттегі деңгейге қайта оралып жатыр – 1,1 миллион адам.

Қазақстанда туристік қызметпен айналысуға лицензия 380 туроператорда бар. Бұған дейін мемлекеттік тізілімде қағаз және электрондық форматтағы лицензиясы бар 1240 туроператор болған. Олардың көпшілігі жұмысын тоқтаса да тізімде қалған. 

Жалпы 2022 жыл ішінде ел ішінде саяхаттаушылар саны 8,6 млн адамға жетті. Осылайша, былтыр ішкі туристер саны бойынша рекорд жаңартылған.

Аймақтар арасында Алматы, Астана және Шымкент орналастыру орындарында қызмет көрсетілген туристер санымен көш бастап тұр.

Жақында OLX.kz сайты сауалнама жүргізіп, Қазақстан азаматтарының 45 пайызы қаражаттың жоқтығынан биыл жазғы демалысты жоспарламайтынын анықтаған.

Сауалнамаға қатысқандардың 25 пайызы демалысын ел ішінде өткізуді жоспарласа, ал 13 пайызы қала сыртында өткізетінін, тек 17 пайызы ғана шетелге сапар шегетінін айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз