Жаңалықтар

Жалға берілетін үйлердің бағасы бір жылда 26 пайыз қымбаттаған

Фото: kursiv.media

Мамыр айында тұрғын үй нарығында сатып алу-сату бойынша 25 588 мәміле тіркелген. 2023 жылдың сәуірімен салыстырғанда (31 445) мәміле саны 18,6%-ға, ал былтырғы мамырмен салыстырғанда 16,1%-ға азайған. Осы айда баға өзгермегенімен, 2022 жылдың мамыр айымен салыстырғанда, жаңа үйлер 6 пайыз қымбаттаған. Ал қайталама нарықтағы үйлердің шаршы мерті 2,8 пайыз өскен. Жалға берілетін үйлердің бағасы бір жылда 26 пайыз өсті.

Статистика бюросының дерегі ел бойынша тұрғын үй сату-сатып алу азайғанын байқатады. Тек Астана қаласында оң динамика сақталған.

Мәміле саны бойынша көш басында Алматы, Астана қаласы, сонымен қатар, Қарағанды облысы келеді. Ал Ұлытау облысында сатылған үйлердің қатары тым аз.

Өңірлер бойынша, жаңа пәтер нарығындағы баға жылдық мәнде Павлодар – 19,2%, Семей – 17,5%, Ақтау қаласында (17,4%) айтарлықтай қымбаттады. Семей, Қостанай, Қызылорда мен Ақтөбе қаласында қайталама нарықтағы пәтерлер қымбат. Бұл қалаларда баға 22-29 пайыз аралығында көтерілген.

Ал Көкшетау, Петропавл, Алматы мен Ақтау қалfcsylf пәтер жалдау бағасы бір жылlа 40 пайыздан аса өскен.