Президент Юрий Ильинді қызметінен босатты

Жарияланды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Юрий Викторович Ильин 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болды.

9 маусым күні «Семей орманы» табиғи резерватында тұтанған өртке байланысты Юрий Ильин жағдайды баяндаған болатын. Ол 8 маусым күнгі сағат он екілер шамасында алғашқы тұтанған аймақ 3 гектар болғанын, кейін, 100 гектарға дейін күрт өскенін, жағдай дер кезінде дұрыс бағаланбағанын мәлім етті. Соның салдарынан жұмылдырылған техника саны тым аз болған. Сондықтан, республиканың көптеген аймақтарынан техника жіберу туралы шешім қабылдан.

Бұл Юрий Ильин министр болып тұрған кездегі екінші ірі орман өрті. 2022 жылдың қыркүйек айында Қостанай облысында тұтанған өрт 107,2 гектар орманды алқапты шарпыған болатын. Салдарынан тілсіз жаудан Аманқарағай ауылы қатты зардап шеккен еді. Жалпы алғанда, Қостанай облысындағы өрт 108 нысанды шарпыды. Оның 91-і – тұрғын үй. Соның ішінде Аманқарағай ауылында 85, Озерное ауылында 6 баспана зақымданған еді.

Сондай-ақ оқыңыз