Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметінше, іздеу жұмыстары барысында тағы 11 қаза тапқан адамның денесі табылған. Қаза тапқандардың жеке басы анықталуда. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғалған Орман шаруашылығы үш қызметкерінің өлі денесі табылған болатын. Осылайша, қаза тапқандар саны 14-ке жетті.