Жаңалықтар

Жаңа тағайындалған Төтенше жағдайлар министріне қандай міндеттер жүктелді

Токаев назначил нового министра по ЧС. Им стал Сырым Шарипханов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Сырым Шәріпхановты таныстырды. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі хабарлады.

Әлихан Смайылов ведомствоның алдында азаматтық қорғау саласындағы Мемлекет басшысы мен Үкімет белгілеген бірқатар маңызды міндет тұрғанын атап өтті. Бұл ретте қазіргі уақытта Абай облысындағы ірі табиғи өртті оқшаулау және жою аса маңызды.

Сонымен қатар Премьер-Министр мұндай жағдайлардың алу үшін арнайы шараларды орындау деңгейін арттыру маңызды екенін айтты.

«Сіз бүкіл процесті үйлестіріп отыруыңыз керек. Бұл ірі өрттердің алдын алу және су тасқыны мәселелеріне де қатысты. Біз осындай ірі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдап отыруымыз керек. Азаматтық қорғау органдарының жұмысы мен жылдамдығына көп нәрсе байланысты», — деді Әлихан Смайылов.

Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы

1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

▪️1991 жылы Қазан қаласындағы М.Чистяков атындағы Зымыран әскерлерінің жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін тәмамдады. Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор.

Ол еңбек жолында азаматтық қорғаныс жүйесінде түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерді атқарды.

▪️1997 жылғы маусымнан 1999 жылғы ақпанға дейін – Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар басқармасының Дайындық және оқыту орталығының бастығы.

▪️2008 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы ақпанға дейін – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.

▪️2014 жылғы қазаннан 2020 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты Көкшетау техникалық институтының бастығы.

▪️2021 жылдың 3 қыркүйегінен бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы қызметін атқарды.