Абай облысында өрт сөндіру машинасы өртенді

Жарияланды

Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде Қарағандыдан келген өрт сөндіру көлігі жанып кетті. Ақпаратты ТЖ министрлігінің баспасөз қызметі растады.

“Қатты түтін басқан аумақпен жүріп бара жатқанда, өрт пен түтіннің таралуынан Камаз-43118 өрт сөндіру көлігі зардап шекті. Жеке құрам зардап шеккен жоқ», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Орман өртін сөндіруге жалпы саны 1500-ге жуық адам, 300-ден астам техника, 14 тікұшақ жұмылдырылды.

Сондай-ақ оқыңыз