Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде Қарағандыдан келген өрт сөндіру көлігі жанып кетті. Ақпаратты ТЖ министрлігінің баспасөз қызметі растады.
“Қатты түтін басқан аумақпен жүріп бара жатқанда, өрт пен түтіннің таралуынан Камаз-43118 өрт сөндіру көлігі зардап шекті. Жеке құрам зардап шеккен жоқ», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Орман өртін сөндіруге жалпы саны 1500-ге жуық адам, 300-ден астам техника, 14 тікұшақ жұмылдырылды.