Adobe, Oracle және Lennar осы аптада тоқсандық есеп береді

Жарияланды

Adobe, Oracle және құрылыс компаниясы Lennar осы аптаның ішінде қаржы нәтижелерін бөліседі.

Нарықтағы басты оқиғалардың қатарында – инфляция жайлы ақпараттың жариялануы мен Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) ақша-кредит саясаты бойынша шешімі болмақ деп Barron’s сайты хабарлайды.
Маусымның 12-сі, дүйсенбі күні бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші Oracle 2023 бюджеттік жылдың төртінші тоқсан нәтижесін жариялайды.
Маусымның он үші, сейсенбі күні Home Depot сауда жүйесі Инвесторлар күнін өткізбек. Дәл осы күні инфляцияның басты көрсеткіші – тұтыну бағасының индексі – жайлы ақпарат пайда болады. Жылдық есеппен алғанда бағалардың өсімі 4,2% құрайтын болады.
Он төртінші мамыр, сәрсенбі күні, Lennar қаржы нәтижелері белгілі болады. Инвесторлар назары – Федералдық резерв жүйесінің ақша-кредит саясаты бойынша қабылдаған шешімінде болады.

Трейдерлер базалық мөлшерлеме 25 базалық пункте көтерілуіне 27 пайыздық мүмкіндік бар деп санайды.
Он бесінші мамыр, бейсенбі күні, Adobe компаниясының тоқсандық нәтижелері мәлім болады.

Сондай-ақ оқыңыз