Жаңалықтар

2025 жылға қарай Талдықорған маңындағы барлық елді мекендер газға қосылады

Акчулаков рассказал о вариантах газификации востока Казахстана

Фото: kursiv.media

2025 жылға қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі барлық елді мекендер газдандырылады. Бұл жайлы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді.

Газдандыру нәтижесінде 500 мыңнан астам тұрғын немесе жалпы халықтың 71% газға қол жеткізеді. Осы мақсатта «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салу бойынша да құжаттар әзірленіп жатыр.

Жетісу облысының әкімі жыл соңына дейін Жетісуда 2 ауылдың орталықтандырылған сумен жабдықталатынын айтты. Жалпы өңірде ауылдардың 90% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, қалаларда бұл көрсеткіш 100% құрайды.

«2023 жылы 16 елді мекенде құрылыс пен қайта құру жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде 213 км сумен жабдықтау желілері салынады, жыл соңына дейін орталықтандырылған сумен жабдықтауға тағы 2 ауыл қосылады», – деді әкім.

Сонымен қатар облыс басшысы Жетісу обылсында 2025 жылға дейін 21 жаңа мектеп салынатынын айтты.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 8700 орындық 10 мектеп салынса, 1800 орындық 2 мектеп құрылысы биыл басталады. Бұдан бөлек, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 11 млрд теңгеге 59 объект салу көзделген»,- деді облыс әкімі.

Облыс әкімі сонымен бірге Балқашқа дейінгі жол құрылысы келесі жылы толық аяқталатынын, Жетісу облысында кезекте тұрған 3 мыңға жуық адамның осы жылы баспаналы болатынын айтты.