Астанада наразылық ұйымдастырған жаңаөзендік мұнайшылар жұмысқа қабылданады

Жарияланды

Олар «Мөлдір Мұнай Сервис»ЖШС-де жұмысқа орналасу туралы бұрын ұсынылған ұсынысты қабылдады. Бұл туралы «Өзенмұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

» «Өзенмұнайгаз» АҚ жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде «БерӘлі Маңғыстау компаниясы» ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлерімен келісімге қол жеткізілді. Олар «Мөлдір Мұнай Сервис»ЖШС-де жұмысқа орналасу туралы бұрын ұсынылған ұсынысты қабылдады», делінген компания таратқан хабарладама.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған компанияға жұмысқа ауысқаннан кейін «БерӘлі» компаниясының бұрынғы жұмысшыларына бұрынғы еңбек жағдайлары толықтай сақталады.

«Компанияның бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа орналастыру шаралары «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ қағидалары шеңберінде қатаң түрде жүргізіледі. «Өзенмұнайгаз» АҚ барлық мәселелерді қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуді қолдайды және соған шақырады», делінген хабарламада.

10 сәуір Жаңаөзен мұнайшылары елордаға келіп, Энергетика министрлігінің алдына жиналған еді. Оларды басты талабы – тұрақты жұмыс және лайықты жалақы болды. Алайда ҚазМұнайГаз Жаңаөзенде өзге де жұмыссыздар жұмыс күтіп кезекте тұрғандықтан, олардың талабын орындау мүмкін емес деп мәлімдеген еді.

Естеріңізге сала кетейік, 2 мамырда Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен «БерӘлі Маңғыстау компани» сервис компаниясының бұрынғы қызметкерлері көтерген мәселелерді қарау бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған болатын.  

Сондай-ақ оқыңыз