Freedom Holding Corp. және Semey Cement қаза болған орманшылардың отбасыларына қаржылай қолдау көрсетеді

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Freedom Holding Corp. және Semey Cement Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан орманшылардың отбасына қаржылай қолдау көрсетеді. Әр отбасындағы балалар 18-ге толғанша айына 200 мыңнан төленбек.

Freedom Holding Corp. және Semey Cement бірлесіп, Freedom Support ерікті жедел аннуитеттік сақтандыру шарттарының құнын төлейді.

«Тілсіз жаудан қаза болғандардың туғандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз…. Осындай қиын сәтте әріптесім Ермек Әшкеновпен бірге қаза болған жандардың отбасыларына, әсіресе ата-анасы болашағына енді қамқор бола алмайтын және әкелері қасында жоқ балаларға жәрдем көрсетуге бел будық. Сондықтан, Freedom мен Semey Cement отбасына сақтандыру полистерін сатып алады, ал Freedom Life аннуитеттік төлемдерді балалар 18-ге толғанша жүзеге асыратын болады», – Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Абай облысында алапат өрттен келген залалдың, сонымен қатар, зардап шеккен, қара жамылған отбасыларына көрсетілетін көмектің көлемін Үкімет жанынан құрылған арнайы комиссия анықтайтын болады.

Осы комиссия құрамындағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері зардап шеккендердің отбасыларына қажетті әлеуметтік көмек көрсету көлемін де нақтылайды.

Бұған дейін «Қазақстан халқына» қорынан өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн және әр балаға 2 млн теңгеден бөлінетіні белгілі болды.

Абай облысына барған Тоқаев Президент жанынан қор құрылып, қаралы отбасыларға жан-жақты көмек көрсетіліп, өтемақы төлененетінін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз